Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп оқушылары күзгі каникулда қанша күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалысқа қай уақыт аралығында шығатынын мәлімдеді. Сонымен қатар 7 күндік демалыста бос уақытты тиімді өткізуге ұсыныстар айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Министрлік биыл оқушылардың күзгі демалысқа 28 қазаннан 3 қараша аралығында шығатынын алға тартты. 

“Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Балалар кітапханасы жоспарын іске асыру шеңберінде “Демалыста кітап оқимыз” мектепішілік іс-шарасы, “Буллингтен қорған” қауіпсіздік сабағы, күзгі “Асар” жәрмеңкесі, мектеп театрының жұмысын ұйымдастыру жұмыстары ұсынылады. 



Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарын алдын алу іс-шараларына мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшедегі қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет”, – делінген ведомство хабарламасында. 

Талқылау