Қазақстандық медиа жұлдыз Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық жауынгерді жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық ММА жұлдыз Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Абдумалик Ербутаевқа қарсы жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, бастапқыда оны “Голд” лақап атымен танылған өзбекстандық спортшы Шахзод Узоков жекпе-жекке шақырған.
Алайда Узоковтың сотталуына байланысты бұл кездесу жүзеге аспай қалды. Осыған байланысты қазақстандық спортшы енді оның жақын досымен айқас өткізуді жөн көрген.
Өз кезегінде Абдумалик Ербутаев та бұл ұсынысқа дайын екенін білдіріп, жекпе-жекке шығуға әзір екенін жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Ташкентте өткен турнирден Шахзод Узоков октагонға шығып, Еркебұлан Тоқтарға ашық түрде жекпе-жекке шақырған еді.
Бұл жағдай жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, қос тарап арасында келіссөздер басталған еді. Бірақ наурыз айында Өзбекстанда Узоковтың үш жылға сотталғаны белгілі болды.
Абдумалик Ербутаев – жеңіл салмақта өнер көрсететін Өзбекстандық ММА спортшысы. Ол ТМД кеңістігінде OCTAGON лигасы мен Hype FC ұйымдарындағы жекпе-жектері арқылы танымал.
Ал Еркебұлан Тоқтар соңғы кездесуін 26 желтоқсанда өткізіп, ресейлік боксшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді