Қазақстандық конькишілер әлем кубогінде үздік үштіктен көрінді
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы Әлем кубогінде үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өткен әлем кубогінің кезеңінде қола медальға қол жеткізді. Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

