Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз-келіншектер мерекеден соң сыйлықтарын жаппай сатып жатыр

8 наурыз мерекесінен кейін Қазақстандағы танымал жарнама қызметтерінде жаппай косметикалық дүкендерге, SPA салондарға сертификаттар мен гүлдер сатылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com 

Мереке аяқталысымен қазақстандық арулар сыйлыққа алған сертификаттары мен құшақ-құшақ гүлдерін жаппай сатып жатыр. Бірі хабарландыруға қауызы ашылмаған гүлдерін қойса, енді бірі түрлі сомадағы сертификаттарды жариялап жатыр.

“Әдемі гүл шоғын сатамын, қауызы ашылмаған. Балғын гүлдер”, – деп жазыпты автор.

Ең көп сатылып жатқаны түрлі дүкендерге, түрлі бағадағы сертификаттар. Тіпті жеңілдікпен сатып жатқандар да бар. Қажетсіз деп тапқан сертификаттың жарнамасы да керемет.

“Жігіттер, 8 наурызға ең керемет сыйлық – иіссу емес. Сүйіктіңізді, анаңызды немесе қарындасыңызыды шын қуантқыңыз келе ме? Күтімге арналған сыйлық сертификаты – жай сыйлық емес. Өзіне арналған сәтте олар расымен бағалайды”, – делінген хабарландыруда.

Брендтік заттар алуға болатын 100 мың теңгенің сертификатын жеңілдікпен 85 мың теңгеге сатылып жатыр. Автор сыйлық сертификатының жаңа екенін айтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімін де көрсетуді ұмытпапты.



Бұған дейін отандық шоу-бизнестегі жігіттер әйелдеріне қандай сыйлық дайындап жатқанын айтқан еді. 

Талқылау