Қазақстандық қыз Камбоджада қонақүйде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады
Фото: Видеодан скрин
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы шетелге жұмысқа барған отандасымызды еңбек құлдығынан құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz хабарлайды.
Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі болып жұмысқа орналасу үшін ұшып барған. Алайда шет елге барғаннан кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғанын білген. Оны шетелдіктер еңбек құлдығына салмақ болған.
“Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге оралды”, – делінген хабарламада.
Қызылордада оқушы қызды сексуалдық құлдықта ұстағаны үшін сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Аяқ-қолы жоқ қазақстандықты 10 жыл бойы аялдамада қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Қазір қазақстандықты шетелге жұмысқа орналасуды ұсынып, алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтап жатыр. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
