"Қызметкерлердің 20 пайызы жұмыстан шықты": Алматыдағы зауыттың иесі уақыт белдеуіне байланысты қиындықтар туралы айтты
Алматы вентилятор зауытының негізін қалаушы әрі иесі Марат Баққұлов уақыт белдеуінің ауысуы зауыт жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын жасырмады. Кәсіпкер өндіріс сапасын жақсарту үшін жұмыс кестесін де өзгерткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: facebook.com/marat.bakkulov
Марат Баққұлов әлеуметтік желідегі парақшасында уақыт белдеуінің ауысуы өндіріс жұмысының сапасына және өнімділігіне кері әсерін тигізіп жатқанын айтады.
"Біз зауыттың жұмыс уақытын 8:00-ден 17:00-ге ауыстырдық. Бірақ бұл айтарлықтай көмектесті деп айта алмаймын. Өйткені 16:00-де қараңғы түседі, зауытта жарық қосуға тураы келеді. Ал жарықты қазіргі уақытқа ыңғайлап қайта жасау керек. Қазір тұрған жарық көзді ауыртады. Жұмысшылар шаршады, жұмыс өнімділігі төмендеп, жарамсыз өнімдер көбейді. Бұл заттарды қайта өңдеу керек деген сөз. Сәйкесінше, шығындар да көбейеді. Жарықты өзгерту де жатқан шығын. “Ұсынушыларға" айтарым, алдымен, ең болмағанда салдарын ойланыңдаршы, содан кейін ғана шешім қабылдаңдар”, – дейді Марат Баққұлов.
Фото: facebook.com/marat.bakkulov
Кәсіпкер жұмыс уақытын таңғы 07:00-ге ауыстыруды да қарастырған.
“Жұмысты 07:00-де бастап, 16:00-де аяқтау туралы да ойлағам. Бірақ онда да бірнеше мәселе болып тұр. Біздің елде туу көрсеткіші жоғары. Жұмысшылардың көпшілігінде мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалары бар. Оларды балабақшаға, мектепке апарады. Сағат 7:00-де жұмысқа келетіндер аз. Оларға одан да жұмыс орнын ауыстыру оңай. Жұмыс уақытын сағат 08:00-ге ауыстырғанда жұмысшылардың 20%-ы жұмыстан шығып кетті. Ал 7:00-ге ауыстырсам зауытта ешкім қалмайды. Мәселе ұйқыда емес, балалар маңызды болып тұр”, – дейді зауыт басшысы.
Сондай-ақ Марат Баққұлов жұмыс уақытын тағы бір сағат уақытқа шегерсе зауыт тапсырыссыз қалады деп қорқады.
“Компаниялардың көпшілігі 9:00-ден бастап жұмыс істейді. АВЗ клиенттері мен банктерінің де жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін. 16:00-ге дейін жұмыс істесек тапсырыссыз қалу қаупі бар. Біз кеңсе мен өндірісті уақыт бойынша бөлуге тырыстық - кейбіреулері 9:00-ден, басқалары 8:00-ден бастап жұмыс істеп көрсін дедік. Жабдықтау бөлімінен, яғни есеп пен сату бөлімінен дер кезінде алу бойынша бірқатар қиындытар туды”, – дейді кәсіпкер.
Осылайша, АВЗ басшысы уақыт белдеуінің ауысуы айына 500-800 миллион теңгенің өнімін шығаратын кәсіпорын көптеген қиындықтарға тап болды.
“Бірақ меніңше, оларға бәрібір сияқты. Мұнай тербелмелері үшін күндізгі жарық керек емес. Алайда егер Трамп сөзінде тұрып, мұнайды 40 долларға түсірсе, бәлкім біз керек болып қалармыз және біздің пікіріміз маңызды болар”, – деп жазды Марат Баққұлов.
Бұған дейін Ғылым министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттейтіні туралы айтқан еді.