Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қырғызстан қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялады

Фото: gknb.official instagram желісінен

Қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке Қырғызстанда іздеу жарияланды. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, оған қылмыстық топты қаржыландырды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Жұмабеков қылмыстық әлем көшбасшысы Камчы Асанбекпен достық қарым-қатынаста болғаны. Сондай-ақ Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан "Барс" демалыс орталығының аумағында Асанбекпен бірнеше рет бос уақытын және кездесулерін өткізген. Сондай-ақ Асанбектің жақын туыстарына Алматы аумағына барған кезде барлық қаржылық көмек көрсеткен. 

“Аталған адам ТМД елдерінің аумағында өзінің бизнес мүдделерін қолдау, қамқорлыққа алу және экономикалық жобаларды ілгерілету мақсатында К.Асанбектің рэкет, бопсалау, қылмыстық қоғамдастық құрамында кәсіпкерлерден алымдарды жүзеге асыру түріндегі заңсыз әрекеттері мен қылмыстық қызметі туралы біле тұра, ТМД елдерінің аумағында өзінің бизнес-мүдделерін қолдау, қамқорлыққа алу және экономикалық жобаларды ілгерілету мақсатында тығыз байланыс орнатқан", - делінген хабарламада.



Е.Жұмабековке қатысты Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай сайланды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 11:52
Талқылау