Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) әр салмақта рейтингтің жаңартылған тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталмыш рейтингте -50 келі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай үздіктер көшін бастауда.
Ал -61 келіде Әсел Қанай екнші орынға жайғасқан. Ол осы жылы Каирде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл оның әлем чемпонатындағы алғашқы жүлдесі.
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта рейтингтің екінші орнынына тұрақтады. Ол осы жылы әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі.
Ерлерден Нұрқанат Әжіқанов -75 келіде үздік үштікті түйіндеп тұр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

