Қазақстанда ірі құрылыс супермаркеті бағаны дұрыс қоймағаны үшін жауапқа тартылды
Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті "Леруа Мерлен" ірі құрылыс супермаркетінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді. Супермаркет тауар бағасын қате қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қыркүйек айында Алматы облысының тұрғыны Е-otinish платформасы арқылы өңірдің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым жіберген. Өз мәлімдемесінде ер адам "Леруа Мерлен" құрылыс супермаркетінде сатып алғысы келген тауардың сөредегі бағасы 1550 теңге деп жазылғанын жеткізді. Алайда кассада сол тауар оған 2880 теңгеге сатылған. Осы шағым негізінде Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ірі құрылыс супермаркетіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
"Жоспардан тыс тексеру барысында сауда объектісінде екі түрлі баға белгілері көрсетілгені анықталды. Дүкеннің сыртындағы тауардың брендтелген құрылыс тауары екені белгілі болды. Бірақ сатушы баға белгісіне 1550 теңгенің құнын көрсеткен”, - деп хабарлады комитет.
-
"Мерзімі өткен тауарларды іздейді": Қазақстандық блогерлер дүкен иелерін бопсалап, ақша алып отырған
Ішкі сауда қағидаларының 2-тарауының 54-тармағына сәйкес, тауар баға белгісінде көрсетілгеннен асып кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделеді.
"Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша “Леруа Мерлен" ЖШС сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Әкімшілік айыппұл 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) құрады. Супермаркет әкімшілігі айыппұл сомасының 50 пайызын төлеу құқығын пайдаланды. Бұдан басқа, ЖШС басшылығына құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді",- деп толықтырды комитет.