Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әлем Кубогында жеңімпаз атанды
Гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогында Милад Карими алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық гимнаст жаңа маусымды жеңіспен бастады. Тартысты өткен бәсекенің еркін жаттығулар финалында Карими 14,133 ұпай жинады. Бұл көрсеткішті өзге спортшылар қайталай алмады. Нәтижесінде Милад алтыннан алқа тақты.
Күміс жүлдені Жапония спортшысы Кацуки Минами еншіледі. Күншығыс елінің өкілі 13,666 ұпай жинады. Ал қола медальды 13,533 ұпай алған италиялық Никколо Вонуччи ұтты.
Котбустағы Әлем кубогында 27 елден 120 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында бұл жарысқа Милад Каримимен қатар Зейнолла Ыдрысов және Дмитрий Патанин де қатысқан еді. Алайда олар жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

