Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция бастығын қолдаймын: Қазақстандық ерлер Әбілбековты қолдау үшін жастықпен суретке түсті

Алматы полициясы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков "жастықпен суретке түсу" челленджіне қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның жатын бөлмесіндегі айна алдында түскен жартылай жалаңаш фотосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кейін анықталғандай, біреулер оның әйелінің желідегі аккаунтын бұзған.

"Алматы қаласының полиция департаменті Берік Әбілбековтың жеке мұрағатынан фотосуреттің жылыстауы фактісі бойынша қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сурет оның жұбайының аккаунтын бұзу арқылы жұртшылықтың игілігіне айналған. Айта кету керек, подполковник Әбілбеков әлеуметтік желілердің пайдаланушысы емес және оларда жеке аккаунттары жоқ", - деді полиция департаментінде.

Берік Әбілбековтың бұл әрекетін сынға алғандардан бөлек, оған қолдау білдіргендер де бар. Солардың бірі танымал PR маманы, блогер - Әлішер Елікбаев.

Әлішер Елікбаев Алматы полициясы бастығының орынбасарын қолдайтынын ашық жазып, өзі де осы челленджді жалғастырды.

"Мен іс жүзінде челенджде қатыспаймын. Бірақ полиция бастығын қолдаймын. Бірден айтайын, мен Берік Әбілбековпен жеке таныс емеспін... Менде смартфонды бұзды дегенге сенбеймін, бірақ біреулер жеке хабарламалар арқылы фотоны жүктегенін түсінемін. Сосын оның суреті соншалықты мейірімді, шам тәрізді және қандай да бір адамгершілік көрсетеді. Оның шифоньерінде қораптар, есік тұтқасында сүлгісі тұатын үйі бар. Және онда ерекше қажымас еңбегімен таппаған байлықтары көрінбейді... Сондықтан менің нұсқамдағы #pillowchallenge-ді қабыл алыңыздар. Әйелім суретке түсірді, қабырғаға ол салған сурет тұр", - деп жазды Елікбаев желідегі парақшасында.

Тағы бір блогер Данияр Еникеев те Берік Әбілбековке қолдау білдіріп, "жастықпен суретке түсу" челленджіне қосылды.

"Полицейлермен дос емеспін, челлендждерге де көп қатыспаймын. Бірақ Әбілбеков үшін қатты қынжылдым, сондықтан оны қолдаймын деп шештім. Түптің түбінде ол өзін жұмыс орнында суретке түсірген жоқ, жұмыс уақытынан тыс болуы керек. Ол да адам, ол да Тиктоктағы бақыттың бір бөлігін көруіне болады... Жалпы, Берік халық сізбен бірге", - деп жазды ол.

 

 

Талқылау