Заңсыз қамауда болған қазақстандық мемлекеттен 40 миллион теңгедей өндіріп алды
Фото: Pixabay.com
Қазақстандық кәсіпкер қаржы министрлігі мен полиция департаментінен 39 миллион 800 мың теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысындағы ер адам ЖШС және шаруа қожалығын басқарады.
"2019 жылдың қазанында ер адамның үстінен ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты аса ауыр және ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың шілдесіне дейін қамауда және үйқамақта болды", – деді сот.
Көлігіне ағаш құлаған қазақстандық коммуналдық кәсіпорыннан 2,5 миллион теңге өндіріп алды
2023 жылдың желтоқсанында қылмыстық іс қысқартылды. Ал бұрынғы сотталушыны заңсыз қудалау нәтижесінде оңалтуға, залалды өтеуге құқығы бар деп танылды.
Ер адам сотқа жүгінді. Өйткені заңсыз қудалау мен қамауға алу нәтижесінде ол жұмыс істей алмай, күнкөріссіз қалды. 2021 жылы ЖШС банкрот деп танылса, 2023 жылы құжаттарды уақытылы ұсынбағандықтан жер пайдалану құқығын ұзартудан бас тартылды.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Кәсіпкердің пайдасына 14 млн теңге материалдық шығын, 16,8 миллион теңге жоғалған еңбекақы және 9 миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Алқаның қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
