Қазақстандық ер адам криптовалютадан заңсыз 400 миллион теңге пайда тауып, Дубайға қашып кеткен

Фото: Pixabay.com
Криптовалютаның заңсыз саудасы үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады.
“Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз "Binance" криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге заңсыз табыс тапқан”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда криптовалютаға азық-түлік алып, қызмет төлеуге жағдай жасалмақ
Қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында күдікті жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Биыл ақпанда ол Дубайда ұсталып, бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді