Қазақстандық екі боксшы әлемнің үздік спортшысы атағын жеңіп алды

Фото:Stan.kz
World Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялаған. Аталмыш тізімде ерлер арасынан Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова үздіктер қатарынан табылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық қос боксшысы инстаграм әлеуметтік желідегі жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде “Үздік боксшы” атағын жеңіп алды.
Сонымен қатар Махмұд Сабырханның филиппиндік Аарон Джудқа қарсы жекпе-жегі жылдың ең үздік айқасы деп танылды.
Айта кетейік, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында да топ жарып, алтыннан алқа таққан.
Ал Наталья Богданова 2025 жылы наурыз айында Ниште IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында қола, ал қыркүйекте World Boxing біріншілігінеде алғаг рет әлем чемпионы атанды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

