Қазақстандық дзюдошы Моңғолияда өткен сайыстың қола жүлдегері атанды
Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) өткен Grand Slam сериясында дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы бұл сайыста тек бір қола медаль иеленді. Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен.
Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында Нұрқанат Серікбаев үшінші орын үшін күресіп, Харим Лиденнен (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалған еді.
Сонымен қатар 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева, 100+ келі салмақта Әділ Оразбаев жартылай финалда жеңіліп қалды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

