Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Азат Күмісбай қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында  өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Азат Күмісбай қола жүлде үшін күресіп,  жеңіс тұғырынан көрінді. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін күресте тәжікстандық Сунатулло Мусоев қарсы шығып, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Азат Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған еді.

Талқылау