Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дияр Нұрғожай

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-2) аралас жекпе-жектен Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 326 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрғожай бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиасқа (14-1) қарсы шықты. Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа есептелді. Жекпе-жек ойламаған жерден төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Айта кетері, жекпе-жекте бразилиялық спортшы фаворит болатын.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңісіне қол жетізді, ал Рафаэл Тобиас кәсіби ММА-да екінші рет жеңілді. Дияр Нұрғожай UFC-де алғаш рет жеңіске жетіп тұр. Бұрын ол екі рет жеңілген.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 13:17