Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Апта сайын 80-100 мың теңге": Қазақстандық депутаттар азық-түлікке қанша қаржы жұмсайды

Коллаж: Stan.kz

Мәжіліс депутаттары ай сайын азық-түлікке қанша қаржы жұмсайтынын айтты. Олар берген жауаптан отбасы шығыны әртүрлі екенін байқауға болады. Бірі ай сайын табысының едәуір бөлігін тамаққа жұмсаса, енді бірі апта сайын шығындалады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, оның отбасында азық-түлікке ай сайын 300-500 мың теңге жұмсалады. Депутаттың жалақысы 900 мың теңгеден сәл асады.

Ал Айдос Сарым аптасына кемінде 50-60 мың теңге тамаққа кететінін айтты. Никита Шаталов та дәл осылай жауап берді. Ол да апта сайын азық-түлікке 40-50 мың теңге жұмсайды екен. 

“Отбасымда төрт адам бар. Шамамен апта сайын 40-50 мың теңге кетеді. Бұл базар және берген тапсырыстарға кететін шығын”, – деді Шаталов. 

Айдарбек Қожаназаров апталық азық-түлік шығыны 80-100 мың теңге шамасында екенін жеткізді.


Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"


Қазақстандықтардың табысы артса да, тұрмыс деңгейі төмендеп жатыр: Азық-түлікке кететін шығынның үлесі 57% жетті


“Менің отбасым үлкен. Үйдің үлкенімін, сондықтан көп қонақ келеді. Шамамен аптасына 80-100 мың теңге жұмсаймыз”,  – деді депутат. 

Мұрат Әбенов отбасылық табысының шамамен жартысы азық-түлікке кететінін айтты. Ал Ринат Зайытов айлығының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалатынын айтты. 

Ал Ермұрат Бапи нақты соманы айта алмады. Оның сөзінше, азық-түлік сатып алумен жұбайы айналысады.

“Бұл іспен әйелім мен балаларым айналысады. Білмеймін, сондықтан айта алмаймын. Өтірік айтпай-ақ қояйын”, – деді Ермұрат Бапи. 

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы төмендеп кеткенін айтқан еді.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 17:51