Қазақстандық дәрігерлер коронавирус жұқтырған әйелдердің жүктілігін тоқтатуға мәжбүр
Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жүкті әйелдердің коронавируспен жиі ауыра бастағанына алаңдап отыр. Аналардың өмірін сақтау үшін дәрігерлер төтенше шараларға баруға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Кесарь тілігімен босанған 15 әйелдің 12-сі мерзімінен бұрын босанған. Олардың төртеуі қазір реанимацияда. Салмағы 700 грамм болатын бір сәби шетінеп кетті. Дәрігерлер болашақ аналарды қорғауға шақырады. Сөздерінше, жүкті әйелдердің жақындарын вакцинациялау керек.
“Бұл вакцина салынбайтын және коронавирус инфекциясынан қорғансыз халықтың тобы. Осы санаттағы адамдарды коронавирустан қорғау қоғамның санасына байланысты. Біз жүкті әйелдер мен балаларды коронавирус инфекциясынсыз қолайлы орта құру, оларға қауіпсіз орта құру арқылы ғана қорғай аламыз”, – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды