Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына дайындықты бастады
Фото:ҚФФ
Боксшыларымыз Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-жаттығу жиыны 20 күн өтеді деп жоспарлануда. Айтулы жиынға елімздің үздік деген 50 бокшысы бас қосты.
"20 күн бойы барлық аймақтан жиналған 50 спортшы физикалық және функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, күш пен төзімділіктің жалпы көлемін жинақтауға және алдағы жарыстарға қажетті жүктеме базасын қалыптастыруға еңбектенеді", – делінген Федерацияның баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Моңғолия астанасында Ұланбатыр қаласында Азия чемпионаты өтеді. Бұл оқу-жаттығу жиыны – осы құрлықтық бәсекеге дайындықтың бірінші кезеңі болмақ.
2025 жыл қазақстандық боксшылар үшін сәтті жылдардың бірі болды деп айтуға негіз бар. Себебі боксшыларымыз 1 жыл ішінде екі бірдей әлем чемпионатына қатысып табысты өнер көрсетті.
Соңғы рет Дубайда ерлер құрамасы IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс 2 қола жүлде жеңіп алды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар

