Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогерлер соңғы 9 айда 1,2 миллиард теңге салық төлеген

Елімізде ресми тіркелген 745 блогер соңғы 9 айда мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлердің салығы туралы есепті жариялады.

"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңның нормаларына сәйкес, блогер – онлайн-платформада ақпаратты басқа тұлғаларға іскерлік мақсатта жариялайтын онлайн-платформаның пайдаланушысы. Бүгінде республикада 745 блогер бар. Тізім Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құралған. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде ақпараттық өнімдерді жарнамалаудан немесе ілгерілетуден түскен табыстарына салық салынады”, – делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, блогер жалдамалы жұмыс күшін пайдаланса немесе жылдық табысы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен асса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, яғни жылдық табысы 1 020 000 теңгеден асса, салық төлеуге міндетті.

“Отандық блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер болып саналады және қолданыстағы салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Осылайша өткен 9 айда олар 1 миллиард 226 миллион теңгеден астам салық төлеген”, – деп хабарлады комитет.

Талқылау