Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бітімгершілік күштерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Алматыдан Дамаскіге Голан жоталарына аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 139 әскери қызметкер алғашқы контингентті ауыстыру үшін Дамаскіге кетті. Олар “Біріккен ұлттар ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері” миссиясы құрамында қызмет етеді. Әскери қызметкерлерді жақындары Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының алдынан шығарып салды. 



“Бітімгершілік контингентінің барлық әскери қызметкерлері ерікті түрде шақырылады. Олардың арасында екі қыз  бар. Іріктеу жан-жақты дайындық нәтижелері бойынша жүргізілді. Үміткерлердің кәсіби және моральдық қасиеттері ескерілді. Біздің контингент Біріккен ұлттар ұйымы мандаты шеңберінде қойылған барлық міндеттерді орындауға дайынбыз”, – деді Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы подполковник Уәлихан Бәйкенов.Фото: gov.kz

Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайды.

Голан жоталарында қызмет еткен алғашқы құрам барлық міндеттерді ойдағыдай орындап, Біріккен ұлттар ұйымы  миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алды. 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың наурыз айында Қазақстандық бітімгершілер "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" құрамында Голан жоталарына кеткен еді. 

Талқылау