Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншылар мәреге жете алмай жарысты аяқтады

Қазақстандық биатлоншылар мәреге жете алмай жарысты аяқтадыФото:ҰОК

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстандық биатлоншылар бақ сынады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақтсандық биатлоншылар  аралас командалық эстафета (4×6 км) жарыста мәреге жете алмай жарысты аяқтады.

Аралас эстафетада Қазақстан атынан Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева өнер көрсетті.

Дегенмен шешуші кезеңде отандастарымыз көшбасшы құрамадан бір айналымға артта қалып, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды. 

Осылайша ұлттық құрама қорытынды есепте 21-сатыдан көрінді.

Жарыс нәтижесі бойынша  Франция құрамасына алтын жүлде бұйырды. Ал күміс жүлдені Италия спортшылары жеңіп алса, қола медаль Германия командасы еншіледі.

Аралас эстафетадағы  (4×6 км) үздік үштік:
1-орын –  Франция (1:04:15.5)
2-орын –  Италия (+25.8)
3-орын –  Германия (+1:05.3


“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды


Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындарында алғашқы ондыққа енді


Айта кетейік, айтулы бәсеке 22 ақпанға дейін жалғасады. Бұл жолы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы 10 түрінен ел намысын қорғайды.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 10:10