Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бейбіт Қорғанов Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бейбіт Қорғанов Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатын болды. 97 келіде сынға түскен Бейбіт армениялық Хайк Хлоян есе жіберген еді. Қарсыласының финалға шығуына байланысты отандасымызға қола жүлдеге таласуға мүмкіндік туды. Енді Бейбіт германиялық Антон Вьювегке қарсы белдеседі. Егер жұбаныш айналымы сәтті өтсе, Бейбіт Қорғанов қолаға таласады.

Айта кетейік, бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде бозкілемге шыққан барлық балуандарымыздың жеңіліп қалғанын жазған едік. 

Талқылау