Қазақстандық әжелер Еуропаның ең беделді сахнасында сән көрсетеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Еуропаның атақты сән сахналарының бірінде «Әлемді таңғалдырған әжелер» атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі. Жобаға қатысатын адамдардың жасы 60 пен 74 жас аралығында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 60-74 жас аралығындағы әжелер Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген. Еуропаның беделді сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанбақ. Көрсетілімдерде олар ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын ұсынады.
"Соғыстың киімін сәнге айналдырды": Танымал феминист отандық брендтің жаңа топтамасын сынады
Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет "сән-салтанат" салығының шегін анықтады
Жобаның авторы танымал сәнгер, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық Дизайнерлер Академиясының академигі Раушан Әнуарбекова. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал. Сондай-ақ өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.
“Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері” жобасы Еуропа сән апталығына төртінші мәрте қатыспақ. Биыл іс-шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраулық шахматшы Dior сән үйінің моделі атанғаны туралы жазған едік.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
