Қазақстандық әйгілі бапкер өмірден озды
Қазақстандық бокс жаттықтырушысы Феликс Цой 82 жасында қайтыс болды. Өлімінің себебі белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kazsport түсірілімінен скриншот
Феликс Цойдың тәрбиеленушілері, танымал спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова бапкердің отбасына көңіл айту хатын жолдады.
" Ұлы жаттықтырушы – Феликс Тихонович Цой Қазақстандағы боксты дамытуға ерекше үлес қосты. Ол дайындаған спортшылар өте танымал – Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Ол маған рингте орындап жүргендерімнің бәрін үйретті. Мен оны бірінші тәлімгерім және жаттықтырушым деп санаймын! Оның әр сөзі, әр кеңесі есімде, әр жекпе-жектің алдындағы әңгімелеріміз есімде! Феликс Тихонович – Аңыз! Мен сізбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, Мен сізді қатты жақсы көрдім және өмір бойы есімде сақтаймын", – деп жазды Ангелина Лукас.
Феликс Цойдың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз!
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"