Ұлын оқуға түсірмек болған қазақстандық әйел 2,5 миллион теңгесінен айырылды

Абай облысының 41 жастағы тұрғыны ұлын университетке түсіріп беремін деп уәде берген алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, былтырғы көктемде танысы 18 жастағы ұлын университетке түсіруге көмектесемін деп уәде берген. Осы сылтаумен әйел ер адамға 2,5 миллион теңге беріп жіберген.
Полиция күдікті 41 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Оның үстінен алаяқтық белгілері бойынша тексеру жүргізілуде.
"Тегін кітаптар базасы": Бас прокуратура жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
"Күдіктінің процессуалдық құқықтары түсіндірілді, шақыртуға міндеттеме алынды. Оқиғаға қатысты барлық мән-жай анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін жас суретшілерді Түркияға байқауға жібереміз деген алаяқтар 500 адам алдап кеткені туралы жазған едік.