Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел дәрігерлердің қателігінен анасының орнына "көз жұмған"

Фото: depositphotos.com

Қазақстандық әйел дәрігерлердің қателігінен құжат жүзінде қайтыс болған деп танылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Гүлнар Оспанова есімді әйел Қонаев қаласындағы аурухананың дәрігерлерін сотқа бермек. Бірнеше күн бұрын әйелдің анасы қайтыс болған, алайда дәрігерлер марқұм ретінде науқасты емес, оның қызын тіркеген. Осы "өлімнен" кейін зардап шеккен әйел Egov порталы мен банк қызметтеріне қол жеткізе алмай қалған.

Гүлнардың айтуынша, анасы 20 мамыр күні өкпенің үшінші сатыдағы қатерлі ісігінен көз жұмған.

"Оған дейін екі жыл бойы Қонаев қалалық ауруханасында анамды жай ғана "пневмония" деп емдеп келді, бастапқы кезеңінде қатерлі ісікті мүлде анықтамады. Диагнозды облыстық көпсалалы ауруханада нақты қойған кезде, тым кеш еді. Анам қайтыс болды. Біз есеңгіреп қалдық. Бірақ бұл біздің қорқынышты түсіміздің басы ғана болып шықты", – деп жазды әйел Facebook парақшасында.

Кейінірек құжаттарды алу үшін Гүлнара Оспанованың туған сіңлісі ауруханаға барған.

"Қонаев қалалық ауруханасының медицина қызметкерлерінің кінәсінен деректер базасына қайтыс болған адам ретінде анам емес, менің сіңлім енгізілген! Ол марқұмның қызы ретінде құжат алуға барған. Бұл сұмдық қате әлі күнге дейін түзетілген жоқ. Бүгінгі күнге дейін менің сіңлім – тірі адам – ресми түрде қайтыс болғандар қатарында есепте тұр", – дейді жазба авторы. 

Әйел дәрігерлердің салғырттығы үшін сотқа жүгінуді жоспарлап отыр және бұл жағдай бойынша тергеу жүргізуді талап етуде.

"Біз ауру-сырқаусыз-ақ өліп, із-түссіз жоғалып, бейжай дәрігердің бір ғана батырмасымен жерленетін елде өмір сүріп жатырмыз. Мен деректер базасынан бұл қате мәліметті шұғыл алып тастауды, сондай-ақ аурухананың ресми түрде қателігін мойындап, кешірім сұрауын талап етемін", – деп жазды қазақстандық әйел.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұл қателік Egov порталының емес, марқұм туралы ақпаратты енгізген медицина қызметкерлерінің кінәсінен болғанын атап өтті. Ал денсаулық сақтау министрлігі аталған жағдайға қатысты жақын уақытта ресми түсініктеме беруге уәде берді.

Еске салсақ, бұған дейін әйел ЭКО дәрігерлерінің қателігінен бөтен біреудің баласын дүниеге әкелгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 19:17
Талқылау