Қазақстандық автоөндіруші Астана тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесінде қалай таңғалдырды
Астанада Allur қазақстандық автокөлік компаниясы ұйымдастырған ауқымды Наурыз фестиваліне 500-ден астам адам қатысты. Мерекелік іс-шара халықтың ерекше рухын бейнелейтін қазақ дәстүрлерін, ұлттық тағамдары мен ойындарын бір шаңырақ астына біріктірді.
Таңнан бастап Allur дилерлік орталығының алдында киіз үйлер құрылып, алтыбақан орнатылды. Жанды музыка қосылып, келушілерге алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальде көрермендер де қойылымға қатыса алатын иммерсивті театр ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ерекше туындылар ұсынылған халықтық қолөнер жәрмеңкесі өтті. Наурыз ұлттық тағамдарсыз өтпейтіні белгілі ғой. Бауырсақ, наурыз көже, палау, басқа да дәстүрлі дәмдерсіз ұлттық мейрамды елестете алмаймыз, солай емес пе? Ал белсенді өмір салтын ұнататындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Соның ішінде "Батырдың жолы" квестінде қатысушылар тапсырмаларды орындап, AllurCoins жинап, оларды сыйлықтарға алмастырды.
"Наурыз – жай ғана мереке емес, көктемгі жаңару мен бірліктің символы. Қонақтарға дәстүрді еске алып, тарих беттеріне үңіліп, ұмытылмас тәжірибе сыйлайтындай атмосфера құра алғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу маңызды. Наурыз фесттің осынша адам жинағанын мақтан тұтамыз", - деп атап өтті брендті дамыту бөлімінің басшысы Рысты Асенова.
Фестивальдің сәнін келтірген қонақтардың ерекше оқиғаларына тоқталайық.
"Үйде немерелеріммен отырғанмын. Кейін көшеден іс-шарадан шығып жатқан дауысты естідім. Наурыз мерекесін ертерек тойлап бастауға болатынын көріп қуанып кеттім. Сол жаққа барып, не болып жатқанын көруді шештік. Келсем, мерекелік шара өте қызық өтіп жатыр екен. Балалар түрлі ойындарға қатысты, ұлттық тағамдардан дәм таттық. Тіпті сыйлықтарға ие болдық", - деді келушілердің бірі.
Allur мерекеге қатысып, күнді ерекше етуге атсалысқан барша адамға алғыс білдірді.