Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Отандасымыз 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса 388 (174+214) келі көтерді. Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүре алмай қалған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

