Қазақстандық актер Францияда түсірілетін телехикаяда басты рөлді сомдайды
Қазақстандық танымал актер Данияр Алшынов түсірілімі Францияда басталатын "Инфинити" телехикаясында басты рөлді сомдайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алшыновтан басқа түсірілімге Канн кинофестивалінің 2018 жылғы "Үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша лауреаты қазақстандық Самал Еслямова қатысатын болды.
"20 селфтэйп, бір жыл күту, зум арқылы сағаттар бойы оқылымнан өту, осының бәрін өтіп, қазір міне осындамын. Халықаралық сериалдағы алғашқы басты рөлім. Бір сағаттық алты серия, сценарийінен көз тарту мүмкін емес, қамқор команда, түсірілім алаңындағы талантты серіктестер. Өмір сүру, қуануға мүмкіндік үшін рахмет", - деп жазды актер желідегі парақшасында.
Сериалдың режиссері Тьерри Пуро болады. Түсірілімде онымен қоса, Еслямова, Селин Саллетт, Влад Иванов, Лекс Шрапнель, Карина Арутян, Эллора Торкиа, Джаррет Мерц болады.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек