Қазақстандағы мектептерде оқушыларға дәмсіз әрі пайдасыз тағамдар береді
Қазақстандағы әрбір үшінші мектепте оқушыларды дұрыс тамақтандырмайды. Сарапшылар мектеп асханаларының тағам дайындау жүйесін қалай өзгерту керек екенін айтты, деп хабарлайды КТК.
Фото: oraloniri.kz
Ата-аналар мектеп асханасына көңілі толмайтынына шағым айтып жатады. Мамандардың айтуынша, балалар тағамына міндетті түрде балық пен жеміс, сүтті тағамдарды қосу керек.
Мектептердің көпшілігінде балалар ботқа, сұйық сорпа ғана ішеді. Диетологтар 7 мың алматылық ата-анадан жауап алады. Олардың 3 мыңы мектеп асханасына көңілі толмайтындарын жеткізді. Айтуларынша, тағам рационы жиналыстарды талқыланбайды, ата-аналар комитеті қарамайды. Тек мектеп әкімшілігі жауап береді. Сарапшылар мектеп асханасын мемлекет есебінен жүргізу керек деп есептейді.
«Тамақтың сапасын, қаншалықты пайдалы екенін тексеру керек. Мектеп әкімшілігі тағам мәзірін ең арзан бағаға қарап таңдайды», – дейді «Аман-Саулык» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.
Тағы да оқыңыз:
40 жастағы әйел мерекеде күйеуіне сыйлық ретінде “пәктік” жасатқан
3 жасар бала дәрігерлерді күткен күйі әкесінің қолында көз жұмды