Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел Тоты Әмірова азаматтық авиация комитеті басшысы – бас мемлекеттік авиациялық инспектордың орынбасары қызметін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомство.
“Тоты Әмірова әуе компаниялардың жазғы эксплуатациясы, ұшақтардың техникалық жағдайын бақылау, ұшқыштарға лицензия беру және басқа да бірқатар мәселе бойынша басшылық жасайды”, — делінген хабарламада.
Әмірова – Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел ғана емес, Airbus 320 ұшағының командирі болған ТМД-дағы алғашқы әйел адам. Ұзақ уақыт бойы “Эйр Астана” әуе компаниясында қызмет еткен.
Жіберіп алмаңыз:
Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады
Павлодарда әскери кафедра студенті ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Өзін өртеп көз жұмған әйелдің қызы полицей Үмбеталиевтің былықтарын айтып берді (видео)
Білім министрлігі грант бөлу мәселесі бойынша бірнеше шешім ұсынды
Талқылау