Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Бозжыра шатқалын Голливуд фильмдерінің декорациясына теңеді

Ұлыбритания елшісі Бозжыра шатқалын Голливуд фильмдерінің декорациясына теңеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Born Bold. Travel Boldcast" подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Бозжыраның "Жұлдызды соғыстар" немесе "Дюна" фильмдерін еске салатынын айтты.

"Мен өз тізімімнің басында тұрған жерлерге барып үлгердім. Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына бардық. Бұл мен үшін әлемдік деңгейдегі пейзаж болды және "Жұлдызды соғыстар" немесе "Дюна" фильмдеріндегі декорацияға ұқсады. Шынында да өте ерекше жер. 5 миллион жыл бұрын теңізден қалған жартастар таңғажайып. Мен Маңғыстау өңірінің тек шағын бөлігін ғана көрдім. Онда жартастарға қашалған таңғаларлық мешіттер бар екенін білемін, бірақ оларды әлі көрмедім", – дейді Кэти Лич.



Дипломат ерекше әсерге бөлейтін табиғи ландшафттар арасында Алтын-Емел және Қатонқарағай ұлттық парктерін де атап өтті.

"Алтын-Емелде ерекше және таңғажайып таулы массивтер бар. Таяуда тау велоспортшысының осы тік жартастармен төменге түскен керемет видеоны көрдім. Ол жартастардың керемет сұлулығы мен ерекше құрылымын көрсетті. Өзім барған үшінші орын – Шығыс Қазақстан мен Қатонқарағай. Бұл адамның қолы тимеген ландшафт, ең әсем таулар және таңғажайып тегіс төбелер. Бұл үш орын - өзім көргім келген жерлердің бірі", – дейді елші.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау