Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы үш жылу электр станциясының құрылысы: Министрлік Қытай мен Кореяның инвестор болу мүмкіндігін жоққа шығармады

Фото: freepik.com

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиясов Астанада өткен кездесуде Қазақстанда үш жылу электр орталығы құрылысына әлі де инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жылу электр орталығын салуды бұрын ресейліктер жоспарлаған. 

Ілиясовтың айтуынша, басқа да әлеуетті құрылыс және энергетикалық нысандарды салушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

“Олар экологиялық талаптарға және энергия тиімділігінің заманауи стандарттарына сай болуы керек. Бұл Қытайдың, Кореяның энергетикалық компаниялары болуы мүмкін. Бізде бірнеше нұсқа бар", – деді Ілиясов.



2025 жылдың 30 мамырында вице-премьер Роман Скляр Ресей салуы тиіс үш жаңа Жылу электр орталығы жаңа инвесторға берілуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Көкшетау, Семей мен Өскеменде көмірмен жанатын жылу электр станцияларын салу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдаған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 12:50
Талқылау