Қазақстанда карт-шоттарына шектеу қойылған резиденттер өз қаражатына еркін қол жеткізе алады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған өзгерістерге сәйкес резидент еместерге берілетін төлем карталарының қолдану мерзімі 12 ай болып белгіленді. Алайда бұл өзгерістер бұрын шығарылған карталарға әсер етпейді. Картаның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін резидент емес жаңа карта алуға тиіс. Бірақ көптеген банк карта мерзімі аяқталғаннан кейін де онлайн-банкинг қызметтерін ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Айта кетейік, агенттік резидент еместердің төлем карталарының мерзімін 12 аймен шектеп, банктерге олардың құжаттарын тексеруді міндеттеген еді. Бұл шешім есірткі айналымы мен цифрлық активтерді заңсыз пайдалануға байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданды.
Жақында кейбір екінші деңгейлі банктер резидент еместерге карта беруді уақытша тоқтатты, бірақ техникалық себептерді алға тартты. Дегенмен, жақында олардың кейбірі карта шығаруды қайта бастады.
Агенттік резидент еместердің банктегі ақшалары "бұғатталмайтынын" мәлімдеді. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы қаулыға сәйкес, резидент еместерге арналған төлем карталарының жарамдылық мерзімі 12 аймен шектелген. Алайда банктік шоттар картаның мерзімі аяқталғаннан кейін де жұмысын жалғастырады. Банк клиентке картаның мерзімі аяқталатынын алдын ала хабарлап, ақшаны басқару мүмкіндігін ұсынады.
Сонымен қатар резидент емес банк бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжатпен (жеке куәлік немесе төлқұжат) келіп, қолма-қол ақша алу немесе аударым жасау сияқты операцияларды жүргізе алады.
Маңыздысы:
- Карталардың жарамдылық мерзімін қысқарту шоттардың бұғатталуына немесе қаражаттың "қатып қалуына" әкелмейді.
- Картаны кез келген уақытта қайта шығару мүмкіндігі бар.
- Резидент емес өз қаражатына еркін қол жеткізе алады.
Бұл өзгерістер Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігін күшейту, халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету, алаяқтық пен заңсыз ақшаны жылыстатумен күресу мақсатында енгізілді.
Қазақстандық банктер резидент еместерге карта ашу кезінде клиенттің келген елін, қаржылық белсенділігін, транзакциялар тарихын ескереді.
Резидент емеске карта алу үшін қажетті құжаттар:
- Шетелдік паспорт
- Қазақстанда тұру құқығын растайтын құжаттар (ықтиярхат, жұмыс келісімі, ЖОО анықтамасы және тағы басқа)
- Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
- Банк талап етуі мүмкін қосымша құжаттар
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында қазақстандық банктердің карталарын 695 мың ресейлік азамат алған.
Жеке басында 5 бірдей картасы бар қазақстандықтардың төлемдері тексерілмек
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық Kaspi және Home Credit Bank банктері резидент қатарында жоқтарға дебет карталарын беруді тоқтатты. Банк мәліметінше, бұрын шығарылған карталар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Қазақстанның тағы екі Freedom Bank және CenterCredit банктері резидент еместер үшін карталарды ашудың жаңа ережелері күшіне енгенін хабарлады. Бірақ олардың шығарылымы тоқтатылмағанын айтты.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
