Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы микрофинанстық ұйымдар 2025 жылы қанша табыс тапқаны белгілі болды

Фото: pexels.com

2025 жылы Қазақстандағы микрофинанстық ұйымдардың пайдасы екі есеге жуық қысқарды. Олардың жиынтық таза табысы 49 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандағы микрофинанстық ұйымдардың жиынтық таза пайдасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 49 миллиард теңге болды. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 50,6%-ға төмендеген. Мұндай мәліметтерді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша микрофинанстық нарыққа жасаған шолуында жариялады.

Реттеушінің мәліметінше, табыстың төмендеуіне сақтандыру комиссияларын 10%-дан асырмау туралы шектеудің енгізілуі әсер еткен.

  • Активтер 2,4%-ға азайып, 1,67 триллион теңгеге тұрақтады.
  • Соның ішінде 1,3 триллион теңге (78%) клиенттерге берілген қарыздар.
  • Клиенттік қарыздар жылдық есепте 3,3%-ға қысқарған.

Агенттік активтердің төмендеуін BNK және KMF ұйымдарының банкке айналуымен байланыстырады.

  • Несиелік портфель (кері репо операцияларын есептемегенде) – 1,48 триллион теңге, бір жылда 3,4%-ға төмендеген.
  • Мерзімі өткен қарыздар – 313,3 млрд теңге, бұл 6,3%-ға өскен.
  • Жалпы портфельдегі үлесі – 21,1%.
  • Мерзімі өтпеген микрокредиттер – 79%, бұл көрсеткіш 3,7%-ға азайған.

Міндеттемелер көлемі 1,23 триллион теңге болып, 0,7%-ға азайды. Мұның бәрі негізінен алынған қарыздардың 8,5%-ға қысқаруымен байланысты. Ал микрофинанстық ұйымдардың капиталы 444,9 миллиард теңгені болып, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмендеді. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 215 микрофинанстық ұйым жұмыс істейді.



Еске салайық, бұған дейін қаржы министрлігі мәліметінше, соңғы жылдары Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірістері тұрақты өсіп келе жатқанын жазған едік. 2025 жылы бюджет кірістері трансферттерді есептемегенде 24,6 триллион теңгені құрап, бір жылда 3 триллион теңгеден астамға артты.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 10:28