"Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025": Алматыда үздік ІТ-шешімдер ұсынылады
2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қаласында өтетін "Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025" ауқымды форумына шақырамыз. Маңызды іс-шара туризм индустриясы мен қонақжайлық саласында озық ІТ-шешімдер мен технологиялық трендтерді ұсынады.

Форум үш тақырыптық панельдік пікірталастан тұрады және келесі тақырыптар кеңінен талқыланады:
- мемлекеттік цифрлық қызметтердің рөлі (GovTech)
- туризм индустриясындағы цифрландыру мәселелері (TravelTech)
- қонақжайлылық саласына арналған цифрлық технологиялар (HotelTech)
Форумға қатысушыларға Қазақстан аумағында тұрғын үйді брондауға арналған мобильді қосымша және виртуалды туристік Your Pass картасы таныстырылады.
Іс-шара Қазақстанның және таяу шетелдің жетекші сарапшыларын, кәсіпкерлерін, стартап жәнетехнологиялық компанияларының өкілдерін тоғыстырады. Оның ішінде inDrive, Яндекс, Mastercard, Sabre, Mapster және басқалары бар.
Форумның ең маңызды оқиғаларының бірі - стартап-питчинг. Сала сарапшылары туризм саласындағы ең перспективалы 10 ІТ-шешімді анықтайды. Үздік тревел-стартаптар байқауының жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"