Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы беделді басқару: Оның қазіргі жағдайы мен болашағы қандай

Қазақстанда беделді желі арқылы басқару (ORM - Online Reputation Management) жаппай тәжірибеге айналмаса да, жекелеген компаниялар бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл саланың нарықта қалай дамып жатқаны туралы беделді басқару маманы, Sidorin Lab компаниясының бас директоры Дарья Свистунова айтып берді.

– Қазақстанда беделді басқарудың даму деңгейін қалай бағалайсыз?

– ORM нарығы Қазақстанда енді қалыптасып жатыр. Көптеген компаниялардың әзірге беделді басқару жайлы түсінігі тар. Олардың ойынша, бұл жағымсыз пікірлермен жұмыс істеу немесе дағдарысқа қарсы PR-ға байланысты. Ал шын мәнінде ORM — бұл компанияға қатысты ақпаратты бақылап, қажет болса жауап беру, SERM (іздеу жүйесін бақылау), кері байланыс, PR, SMM тіпті HR брендингін қамтитын ауқымды жұмыс кешені.

– Біздің аймақта ORM-нің дамуына не кедергі?

– Біріншіден, беделдің маңызы жіті бағаланбай отыр. Көптеген кәсіп түрлері дағдарыс жағдайына жеткен кезде ғана мамандарға жүгінеді. Дегенмен жүйелі жұмыс бұл дағдарыстардың алдын алар еді. Екіншіден, білімнің жетіспеушілігі. ORM-ді ұзақ мерзімді стратегияға қалай біріктіруге болатынын бәрі бірдей түсіне бермейді.

– Қазақстандық компаниялар арасында жақсы мысалдар бар ма?

– Иә, мұндай компаниялар көбейіп жатыр. 

– ORM сұранысқа ие болуы үшін не қажет?

— Бедел дегеніміз клиенттердің адалдығына, брендтің құнына тіпті инвестициялық тартымдылыққа әсер ететін актив екенін түсінген жөн. Көбі бұған үлкен тәжірибе арқылы келеді. Компания ұстанған бағытта бәсекелестік неғұрлым көп болса, соғұрлым онлайн платформалардағы бренд беделінің маңызын түсіне бастайды.

Тағы бір жолы – білім алу. Қазақстанда Sidorin Lab үшінші жыл қатарынан конференциялар өткізіп келеді. Онда біз ORM-нің жүйелі жұмыс екенін түсіндіреміз. Алда 3 сәуірде Алматыда Marketing & Reputation day 2025 конференциясы өтеді. 

Іс-шарада біз:

  • Әлеуметтік медиа дәуірінде және ESG күн тәртібіне айналған беделмен қалай жұмыс істеу керек екенін;
  • 2025 жылы қандай SERM және ORM құралдары тиімді болатынын;
  • Клиенттерді брендті қорғаушыларға қалай айналдыруға болатынын және т.б тақырыптарды айтамыз.

Sxodim Media, Choco Holding, Tele2/Altel, Brand Analytics және басқа да компаниялардың сарапшылары спикер болады. Конференция кәсіп иелеріне, маркетологтарға, PR мамандарына және диджитал коммуникацияда жұмыс істейтін мамандардың барлығына пайдалы болады.

Бағдарлама мен тіркеу туралы ақпаратты Sidorin Lab сайтынан ала аласыздар. 

Талқылау