Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжілісте қайырымдылықтың барлығы мемлекет бақылауына алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: movementup

Министр қазақстандықтарға ауру балаларға немесе табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша жинауға тыйым салуға бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Журналистер жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық жинақтарын жүргізуіне шектеу енгізу мәселесі қазір қарастырылып жатыр ма деген сауал қойды.

Аида Балаеваның айтуынша, билік Қазақстандағы барлық қайырымдылық шараларын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұл шаралар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғау үшін маңызды дейді ол. Қазір елімізде қайырымдылық негізінен азаматтардың емделуіне ақша жинау түрінде көрсетіледі. Мәдениет министрлігі көмек көрсетудің бірыңғай тетігін құруды ұсынып отыр.


"Кімнің “қайыршы”, кімнің "әкесіз” екенін көрсетіп қояды": Адвокат балаларды фото мен видеоға түсіретін қайырымдылық қорларына ескерту жасады


"Мәселе талқыланып жатыр, жұмыс тобы құрылды. Ұсыныстарды жинап, сарапшылардың пікірлерін зерделеп жатқандықтан, әзірге нақты шешім шыққан жоқ. Бұл оңай шығарылатын шешім емес. Қазір алаяқтық фактілері тіркеліп жатыр. Сондықтан біз қайырымдылық жасау тетігін жетілдіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Халыққа зияны тиетін шешім қабылданбайды. Мәселе қазір талқыланып жатыр. Нәтижесін күтейік", – деді Балаева.

Балаева бұл мәселе азаматтық қоғам институттарының кеңінен қатысуымен талқыланатынын айтты.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық белгілі қоғам белсенділері "Асар-Уме" қайырымдылық қорының жұмысына күмән келтірген еді.

Талқылау