Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қаулы қабылданды
Үкімет атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы президенттің жарлығы туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективаларын айтып берді. Министрдің сөзінше, қазір әлем көміртегі бейтараптығына бет бұрып жатыр. Халықаралық қаржы институттары көмір электр станцияларын салуға инвестиция салудан бас тартады.
"Сонымен қатар біз еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты газ генерациясын ауқымды енгізуді жүзеге асыра алмаймыз. Өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздері табиғи-климат жағдайларына тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом электр станциясының құрылысы шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім болып көрінеді. Қазіргі кезеңде АЭС-ке балама жоқ", – деді министр Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар өтті. Талқылау соңы қақтығыс пен дауға ұласты. АЭС салу керек деген топ Қазақстанда энергия тапшылығы барған сайын ушыға беретінін және бұған балама бола алатын тұрақты энергия көзі, жел мен Күн энергиясы өндіретін қуат тұрақсыз екенін айтты.