Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы әскери оқу орындарына eGov арқылы түсуге болады

Фото: gov.kz

Қазақстан азаматтары әскери оқу орындарына әскери комиссариаттарға бармай-ақ қабылдана алады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев Ортаық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

2025 жылдан бастап жоғары әскери оқу орындарына eGov порталы арқылы онлайн түсуге болады. Министрлік өкілінің айтуынша, жаңа жүйе өтініш беру процесін жеңілдетіп, жергілікті әскери басқару органына бару қажеттілігін жойды.

"Жоғары әскери оқу орнына түскісі келетін азамат үйден шықпай-ақ eGov порталында тіркеліп, барлық қажетті деректер — денсаулық жағдайы, шақырудың болуы, психикалық күйі және тағы басқа ақпарат автоматты түрде порталдан алынып, оқу орнына жіберіледі", - деді Олжабаев.

Ол сондай-ақ, осылайша абитуриент таңдалған оқу орнында тікелей тіркелетінін, әскери комиссариаттарды айналып өтетінін атап өтті.

Брифингте Олжабаев Қазақстан мектептерінде әскери дайындық сағаттарының санын арттыратынын да хабарлады.
 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 17:09
Талқылау