Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын күндері іске қосылады

Фото: er-ai-construction.kz
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматыда жақын арада Қазақстандағы алғашқы крематорий өз жұмысын бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқарма атап өткендей, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және зираттарды күту ісін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы тіркелді.
Енгізілген өзгерістер крематорийлердің қызметін құқықтық негізде реттеуге мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан аумағында алғаш рет кремация рәсімі заңнамалық деңгейде өтеді.
“Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласындағы крематорий өз жұмысын бастайды және санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро арқылы кремация қызметінің тарифтік бағалары бекітілу рәсімі жалғасып жатыр.
- "Күл салынған құты ғимараттың ішінде сақталады": Қазақстанда мәйітті кремациялаудың тәртібі жарияланды
- Алматыдағы крематорий не себепті қолданысқа берілмей жатыр
Қызметтердің тарифтері мен көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюроның ресми сайтында жарияланады.
Бұған дейін Алматы әкімі 1,5 миллиард теңгеге салынған крематорийдің қолданысқа берілмеуін түсіндірген еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді