Қазақстандағы Activ және Kcell желілерінде жаппай ақау пайда болды
Қазақстанда Activ және Kcell желілерінде ақау пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: maps-scraper.maps.yandex.kz
Басылым, мобильді интернетке қатысты ақауларды Алматыда жазып алған.
"Кселл" АҚ Activ және Kcell желілерінде дауыстық және интернет қызметтеріндегі үзілістерге қатысты, абоненттердің 20%-ға жуығында қызметтердің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады. Қазіргі уақытта компанияның техникалық мамандары ақаудың себебін анықтап жатыр. Сонымен бірге қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп отыр", – делінген хабарламада.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін абоненттерінен шын жүректен кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Microsoft жұмысында ақау шығып, әлем бойынша телеарналар, әуежайлар мен банктер жаппай тоқтап, Windows компьютерлерінің кенеттен өшіп қалуына себеп болған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді