Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалатыны анықталды

Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады. Бұл тек ресми дерек. Ал жасырын, заңсыз жолмен, арнайы білімі мен лицензиясы жоқ мамандардың қолымен іске асатыны қаншама? Ол тек жай ғана аборт емес, ананың денсаулығы мен баланың өміріне балта шабу. Тіпті ұлтқа жасалып отырған қастандықпен тең.

opojasyvajushhij-lishaj-dlja-beremennoj-zhenshhiny

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аталған арна бүгіннен бастап “Сәбидің өмірін сақта!” деген атпен қоғамдық талқылауды бастады.

80 мың сәби жыл сайын анасының тар құрсағында тұншығып, жатырдан шықпай жатып өледі екен. Ресми статистикаға қарағанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 4 миллионға жуық аборт жасалған. Бұл – Қазақстандағы қазақтың үштен біріне тең сан. Өкініштісі, бұл түсіктердің тек 3-4-ақ пайызы ана өміріне қауіп төнгеннен кейін, медициналық нұсқаумен орындалған. Қалғаны жүктілікті қасақана тоқтату.

Қорқынышты статистиканы экономист Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына жазған екен. Оқырмандардың дені аборт бедеулікке апарады деген пікір қалдырған.

44 жылдан бері медицина саласын зерттеп, акушерия жəне гинекологияға айтарлықтай үлес қосқан профессор Сәдуақас Мұстафаев аборттан кейін ананың құрсақ көтеруі екіталай деген халық пікірін қостап отыр. Жасанды түсік қыз-келіншектердің денсаулығымен қатар психикасын да мүгедек етіп, араға жылдар салып, айықпас дертке жетелейді -дейді ол.

“Біріншіден адамның психологиясына өте қатты әсер етеді. Өйткені оған бара жатқанда адам шешілу керек, соны жасауға келісу керек. Ол біледі осының жаман екенін, бірақ соны жасайды. Қатты толғанады, ойланады, бірақ ішінде қалады ол.   Екінші стресс оның без жүйесіне стресс болады. Үшінші физикалық тұрғыдан адамның ағзасына түсетін дақ. Жасы 50-60 келгенде, барлығының шығып жатырған ауруларының барлығы сол кезінде жасаған аборттарына байланысты. Сондықтан аборт адамдарды жібермейді”, – дейді Медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақас Мұстафаев.

Әрбір үшінші әйелдің абортқа даяр болуы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілмегенінің көрінісі дейді профессор Айгүл Ісмақова. Жастарға мемлекет тарапынан жағдай жасалмай, ана мен баланың құқығы қорғалмай, жасанды түсік мәселесінен ажырай алмаймыз -дейді ол. Сондықтан маман пікірінше, шарасыз шарананы өз қолымен өлтірген ана ғана емес.

“Отбасылы болып, не болмаса ол жалғыз басты ана болып, бала көтеріп қалса да жағдайын үкімет жасайтын заң тетіктері жоқ. Сондықтан қыз бала өз-өзімен қалғанда осындай сұмдыққа барады. Оны мәжбүрлеп отырған біз, біздің заңдарымыз, біздің немқұрайлығымыз, біздің келешекке осылай салғырт қарап отырғанымыз”, – дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова.


Жіберіп алмаңыз:

Абхазия президенті түсік тастауға тыйым салды

Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды

Техаста мұғалім 13 жасар мектеп оқушысынан жүкті болып қалған

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Талқылау