Қазақстанда жүргізушілер жаңа тәсілмен бақылауға алынбақ: Дрондарды қолдану аясы кеңейтіледі
Видеодан кадр
Қазақстан полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, көп адам жиналатын іс-шараларда жұмыс істеу үшін дрондарды қолдануды кеңейтуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заманауи камералармен жабдықталған дрондар жол жүрісі қағидаларының бұзылуын нақты уақыт режимінде тіркеп, күрделі жол учаскелерін бақылауға және деректерді жедел полицияға жіберуге мүмкіндік береді. 20 шақырымға дейінгі ұшу қашықтығы магистральдар мен қолжетімділігі қиын аумақтарды қоса алғанда толыққанды әуеден патрульдеу жүргізуге жағдай жасайды.
"Дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерінің алты мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Әуеден тұрақты бақылау жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және ықтимал қауіпті жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Концерттер, спорттық матчтар және мерекелік іс-шаралар кезінде дрондар бақылаудың негізгі элементіне айналды. Камералар адамдардың шоғырланған жерлерін бақылайды, күдік тудыратын әрекеттерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді және полиция жасақтарын проблемалық аймақтарға жедел жіберуге жағдай жасайды.
Шымкенттегі "Қарасора" және "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шараларын мысал ретінде келтіруге болады. Синтетикалық есірткі сатты деп күдікке ілінген 44 жастағы әйелдің қозғалысы дрон арқылы бақылауға алынды. Бұл оның қылмыс үстінде ұсталуына мүмкіндік берді. Көліктің жүк салғышынан екі келіден астам есірткі табылды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді