Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдетілді
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kolesa.kz
Жаңа ережелерге сәйкес, енді жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған немесе жоғалған кезде ғана емес, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де eGov.kz порталы арқылы алуға болады.
Сондай-ақ енді жүргізуші куәлігін ауыстыратындар бұрын алынған жеке куәлігі немесе төлқұжаттағы фотосын пайдалана алады.
Құжатты тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан емес, енді онлайн алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Еске салсақ, осыған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жүргізушілерді оқытуды аяқтау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі