Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырудың жаңа тәртібі енгізіледі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырудың жаңа тәртібін енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Енді жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтуі қажет.

Екі факторлы аутентификацияда азамат жеке басынды екі түрлі жолмен растауы қажет: біріншісі - SMS арқылы, екіншісі - биометриялық сәйкестендіру.

Тестілеуді бастамас бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып жүйеге кіру қажет. Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру туралы хабарлама келеді.


Мопед жүргізушілері міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігін алуы керек: Тоқаев заңға қол қойды


Сәтті авторизациядан кейін жүргізуші кандидаты биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет.

"Күн сайын алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Біздің қызметкерлер осы заңбұзушылықтарды ашу үшін үлкен жұмыс атқарып жатыр. Екі факторлы аутентификация емтихандағы заңбұзушылықтардың санын азайтуға көмектесетініне сенімдімін. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке деректері сенімді қорғалатын болады", – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жаңа ереже 11 қазанда күшіне енеді, әзірге тек Астана қаласында ғана бар. Еліміздегі барлық арнайы қызмет көрсету орталықтарында екі факторлы аутентификацияны енгізу үдерісін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдетілгені туралы жазған едік. 

Талқылау