Қазақстанда жылжымайтын мүлік саласына қатысты мемлекеттік қызметтердің барлық түрі қолжетімсіз болады
Дүйсенбі, 19 маусымда Қазақстанда жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері уақытша қолжетімсіз болады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызметтердің уақытша қолжетімсіздігі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінде жер және жылжымайтын мүлік туралы мемлекеттік деректер қорын біріктірумен байланысты екені айтылады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ eGov.kz порталы, нотариат жүйесі, салық, ЕДБ және атқарушылық органдары арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және жылжымайтын мүлікті тіркеуді қоса алғанда, қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
- "Құжатсыздар мен адам саудасы көбейеді": Мамандар қызметтерге төленуі тиіс салықтың өскеніне наразы
- "Жол үстіндегі үлкен бір ауыл тұрғындары қырылып жатыр": Депутат жүргізуші куәлігін беру қызметіне өзгеріс енгізуді талап етті
Сондай-ақ іске қосу жұмыстарына байланысты жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры мен қызметтер бірнеше күн бойы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін екені хабарланды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді