Қазақстанда жеті қалада 7 стадион салынбақ
Фото: gov.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында Қазақстандағы жаңа стадиондар құрылысының барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Алматыда жаңа стадион салу жоспарланып отырғанын жеткізді.
"Жеті қалада жеті стадион салуға жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сәйкес келетін стадион күзде пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен стадиондар салу жұмыстары басталып кетті", – деді Мырзабосынов.
Алматыда елдегі ең үлкен стадион салынады: Кешен қандай болады
Министрдің айтуынша, стадиондардың мемлекетке тигізетін түпкілікті құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.
"Мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды мысалға алып, стадиондарды ел қаржысынан қаржыландырмау жөнінде міндеттер қойды", – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат – Реал Мадрид" ойынының тізгінін кім ұстайтыны белгілі болған еді.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
